20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСарыағашта есірткі еккен әйел сотталды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысында өз ауласында заңсыз есірткі еккен Сарыағаш ауданының 57 жастағы тұрғынына үкім шықты.
Нақтырақ айтсақ, Сарыағаш АПБ полицейлері жедел-профилактикалық іс-шара кезінде үйінде есірткі еккен күдіктіні ұстады. Ал әйел оны өзі тұтыну үшін өсіргенін жеткізді. Аталмыш күдіктіден полицейлер заттай дәлел ретінде құрамында есірткісі бар бес түп өсімдікті тәркілеп, сараптамаға жіберді.
Қорытындыға сәйкес оның үшеуі сора, ал екеуі көкнар есірткісі болып шықты. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жинақталған материалдар айыптау актісімен бірге заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Нәтижесінде Сарыағаш аудандық соты 57 жастағы сотталушыға бір жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?