20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӘлеуметтік желіде «Әділ кәсіподақ» ұйымы Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жантүршігерлік сәттің видеосын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ерекше күтімді қажет ететін 13 жастағы Еркебұлан Жақыбайдың даун диагнозы бар. Ол Сарыағаш қаласындағы «Ақылды бала» коррекциялық орталығына барып жүрген.
Сурет пәнінен сабақ беретін Марлен есімді азаматтың баланы аяғынан сүйреп, жерде жатқызып, бұрышқа тақап қойып күш көрсеткен сәті видеоға түсіп қалған.
Еркебұланды сабақтан алып кетуге келген анасы Гүлжауһар Жорабековаға баласы: «Ағай мені ұрды. Қатты қорқып кеттім, жүрегім ауырып жатыр» деп жылаған. Еркебұланның жүрегіне бұған дейін екі рет ота жасатқан.Егер сол сәтте жүрегі тоқтап қалса — кім жауап береді?
Біз мына жағдайға үнсіз қала алмаймыз!- дейді кәсіпқодақ өкілдері.
Осыған қатысты Түркістан облысының білім басқармасы пікір білдірді.
Түркістан облысының білім басқармасы бейнематериалда көрсетілген жағдайды назарға алып, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізді. Оқиға жекеменшік коррекциялық орталықта орын алған. Бейнематериалдағы ер адам – мұғалім емес, арт-терапевт маманы. Ол орталық тарапынан жұмыстан босатылды. Бүгінде балаға қажетті психологиялық қолдау көрсетілді. Қазір баланың жағдайы жақсы, тұрақты сабаққа қатысып жүр деп хабарлаймыз, - делінген хабарламада.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?