20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысының Сарыағаш ауданының орталығы Сарыағаш қаласында тұрғындар көшеде жатқан қоқыстың тазаланбайтынына ашулы, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жергілікті халық аудан әкімдігі тиісті шаралар қолданбайтынына наразы. Әлеуметтік желіде таралған видеода қаланың қақ ортасындағы көшенің бойы қоқысқа толғанын байқауға болады. Одан қалды көшені жағалай қазылған арықты да шөп басып кеткен. Мемлекеттік кірістер басқармасы мен Халыққа қызметке көрсету орталықтарының маңы да қоқыстан көрінбейді.
Видео авторы «әкім, тым құрыса, өзі жүретін көшені неге тазаламайды екен?» деп мысқылдайды.
Тұрғындар видеоның астына қарапайым жұмысты да істей алмайтын әкім жұмыстан кетуі керек деген пікір жазуда.
Ауданды Арман Абдуллаев басқарады. Ол бұл қызметке 2023 жылғы қаңтарда тағайындалған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?