13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызСара Назарбаева қазіргі уақытта Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы ресми сауалға берілген жауаптан белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
5 мамырда Сара Назарбаева ауырып жатқаны белгілі болды.
Барлық медициналық шара бекітілген стандарттарға сәйкес және білікті мамандардың бақылауымен жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Ұлттық госпитальдің баспасөз қызметі.
Медициналық мекеме әкімшілігі мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес диагнозға, денсаулық жай-күйіне, емдеу әдістері мен нәтижелеріне қатысты мәліметтер дәрігерлік құпияға жатады. Мұндай ақпаратқа қолжеткізу тек пациенттің келісімі бойынша немесе заңда көзделген өзге негіздер бойынша мүмкін болады.
Сондай-ақ медициналық этика мен кәсіби жауапкершілік қағидаларына сәйкес медициналық ұйымдар дербес медициналық деректермен жұмыс істеу кезінде құпиялық режимін қатаң сақтау міндетті. Ақпаратты таратпау туралы шешім пациенттің жеке өміріне құрмет көрсету, емдеу процесіне сыртқы араласудан қорғау және оның заңды құқығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды, – деп қосты медициналық мекеме.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды