10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева негізін қалаған институттың атауы өзгереді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған үкімет қаулысының жобасында айтылған.
Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауы өзгеріп, ребрендинг жасалады. Енді аталмыш институттың атауы «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты болып өзгертіледі, - делінген жобада.
Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген қаулы 15 маусымға дейін ашық талқылауға ұсынылды.
Қаулы жобасының авторы – Оқу-ағарту министрлігі. Құжат 15 маусымға дейін ашық талқылауда болады.
Айта кетейік, 2021 жылы Сара Назарбаева «Бөбек» қорын ашты. Қор жанынан ашылған институттың негізгі миссиясы – «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқытушылардың біліктілігін арттырумен айналысу.
Биылдан бастап мектептерде «Өзін-өзі тану» міндетті пән болмайды. Министрліктің мәліметінше, аталған пән бұрынғыдай 1-ден 11-сыныпқа дейін емес, оқушылардың таңдауы бойынша және тек бір сыныпта өткізіледі. «Өзін-өзі тану» пәнінің авторы – Сара Назарбаева.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді