Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТашкентте бокстан өтіп жатқан әлем біріншілігінде Санжар Тәшкенбай чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Отандасымыз финалда грузин боксшысы Сахил Аллахвердовиді бет қаратпай ұтып, 48 келіде әлем чемпионатының алтынына ие болды. Жеңіл салмақтың жүгін арқалаған боксшы іріктеу кезеңдерінде барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңген еді. Ол алғашқы кездесуінде өзбек боксшысын бір рет нокдаунға түсірді.
Жартылай финалда ресейлік спортшыны жеңіп, финалға шыққан астаналық саңлақ бүгінгі ақтық сында жанкүйерлер сенімін толық ақтады.
Ал 67 келіде шаршы алаңға көтерілген Дулат Бекбауов шешуші сәтте есе жіберіп, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.
Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасының тағы үш боксшысы финалда сынға түседі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді