29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әкесі Тәкен Тәшкенбайға су жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желіде мәлімдеді.
Ассалаумағалейкүм, қазақ елі! Аллаға шүкір, кеше асқар тау әкешіме бала кезден армандап жүрген сыйлығымды сыйладым. Ең бірінші, осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір! Екінші, ата-анамыздың арқасы, барлығыңызға жұғысты болсын! – деп жазды ол.
48 келі салмақта өнер көрсететін Санжар Тәшкенбай Өзбекстан астанасы Ташкенттен өткен әлем чемпионатында топ жарды.
Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев әлем чемпиондарына 100 мың доллардан үлестірген болатын. Ал Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бокстан әлем чемпиондарына үш бөлмелі пәтер кілтін табыс еткенін мәлімдеген.
Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары – Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және күміс медаль иегері Дулат Бекбауовты, сондай-ақ бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері мен бапкерлерін қабылдады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек