Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҰлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сән-салтанат салығына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенат кулуарында БАҚ өкілі министрге «Елімізде қарапайым халық тіпті ұялы телефондарын, иіс суды да несиеге алып жатады. Жеке мүліктегі заттардың қайсысына салық салынады? Несиеге алынған мүлікке ше? Соңғы модельдегі Iphone телефонына ше?» деп сұрақ қойды.
Iphone-ға салық салынбайды. Біз өте бағалы, құнды заттарды айтып отырмыз. Мысалы 200 мың доллар тұратын көлік болуы мүмкін. Тіпті, оны несиеге алса да, тиісінше салық төлейді. Ал Iphone әрі кетсе 1500-2000 доллар тұрады, - деді министр.
Журналистер «Сән-салтанат салығы қандай бағадағы заттарға салынады? Мүліктің құнына қатысты шкала қандай?» екенін сұрады.
Қазіргі таңда шкалаға қатысты дүниелерді талқылап жатырмыз. Сіздерге мысал ретінде көліктің құның келтіріп бердім. Ол азаматтар оған қоса көлік салығын да төлейді, - деп жауап берді Әлібек Қуантыров.
Сондай-ақ, министр қазақстандықтардың дипозиттеріне салық салу жоспарынан бастартқанын атап өтті.
Айта кетейік министр Сенатта өткен Үкімет сағатында мүлікке салық салудың мөлшері артатынын мәлімдеді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді