Кеше, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайСамарқандта 2026 жылғы Өңірлік Климаттық саммитке (ӨКС 2026) дайындық бойынша Екінші өңірлік консультация өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоғары деңгейдегі диалогқа Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Н. Нысанбаев, Өзбекстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі, экология министрі А. А. Абдухакимов, Қырғыз Республикасының Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі М. А. Машиев, Тәжікстан Үкіметі жанындағы қоршаған ортаны қорғау Комитетінің төрағасы Б. А. Шерализода және Монғолияның Қоршаған орта және климатының өзгеруі министиі Салдангийн О.
Орталық Азия елдерінің Экология министрліктері басшыларының кездесуі Самарқанд Климаттық форумы аясында халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының және сарапшылар қауымдастығының қатысуымен кеңейтілген форматта өтті.
Іс-шара аясында Орталық Азияның экологиялық ведомстволарының басшылары Астанада ӨКС 2026-ға дайындық бойынша өңірлік тәсілді бірауыздан қолдап, Саммит бағыттарын сапалы пысықтау үшін әр елден ұлттық үйлестірушілердің ұсынысы бойынша келісім білдірді.
Халықаралық ұйымдардың өкілдері бейімделу, азық-түлік қауіпсіздігі және климаттық қаржыландыру мәселелерінде ӨКС 2026 негізгі бағыттарына техникалық және сараптамалық қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
Қатысушылар ӨКС 2026 жолындағы Өңірлік Климаттық диалогты тереңдету және Тәжікстандағы мұздықтарды сақтау жөніндегі халықаралық конференция (мамыр, 2025), Қырғызстандағы "Тұрақты даму жолындағы жаһандық тау диалогы" конференциясы (сәуір,2025) аясында бірлескен іс-шаралар сериясын өткізу туралы келісті.
Кеше, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат