Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекС5 + 1 форматы Орталық Азия елдерінің: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның АҚШ үкіметімен өзара іс-қимылының дипломатиялық платформасы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орталық Азия өңірі жас ұрпақтың үлесі едәуір жоғары қарқынын көрсетеді. Орталық Азия елдері азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде бір-бірін толықтырады және үшінші елдер үшін азық-түлік хабына айналады.
Қазақстандық өнімнің экспортының 26,7% - ға және Орталық Азия елдерінен импорттың 23,1% - ға өсу есебінен Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы өткен жылы $7,9 млрд-ты құрады.
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өз сөзінде Орталық Азия өңірі жаһандық көлік тасымалдарының негізгі буынына айналып, Солтүстік-Оңтүстік және Шығыс-Батыс бағыттарында континенттік көпірдің маңызды рөлін атқаратынын атап өтті.
Қазақстан 11 халықаралық транзиттік маршрутты – 5 темір жол мен 6 автомобиль жолын ұсына отырып, Еуразияның маңызды көлік-логистикалық орталығына айналды.
"Біз сондай-ақ жаһандық жеткізу тізбегі желілерін қорғауға өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Орталық Транскаспий желісі Орталық Азияны Трансеуропалық көлік желісімен байланыстыратын ең тұрақты көлік желісі ретінде анықталған. Соңғы үш жылда осы бағыт бойынша контейнерлік тасымалдар 13 еседен астам өсті", - деді ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.
Транскаспий бағытын дамыту Қазақстан үшін Еуропаға және АҚШ-ты қоса алғанда, жаһандық нарықтарға энергия ресурстары мен стратегиялық тауарларды жеткізуде үлкен маңызға ие.
Арман Шаққалиев Қазақстанның өзінің көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі басымдықтарының қатарына Ақтау және Құрық порттарының негізінде"контейнерлік хаб" құру, сондай-ақ жаңа теңіз кемелерін сатып алу жоспарлар кіретінін атап өтті.
"Біз жаһандық логистикадағы Орталық Азия өңірінің маңызды рөлін қамтамасыз ете отырып, Еуразиялық көлік-логистикалық орталық ретіндегі өз позициямызды нығайтуға тырысамыз. Қазақстан Орталық Азиядағы энергетика мен қоршаған ортаны, экономикалық өсімді, бейбітшілік пен тұрақтылықты қоса алғанда, көптеген салаларда C5+1 диалогын одан әрі нығайтуға ұмтылады. Біз C5 + 1 жұмыс топтары аясында қандай да бір нәтижелерге қол жеткізуді асыға күтеміз", - деді Арман Шаққалиев.
С5+ 1 өзара байланыс жөніндегі министрлік конференциясы аясында Арман Шакқалиев АҚШ-тың USAID халықаралық даму агенттігінің әкімшісі Саманта Пауэрмен де кездесті. Кездесу барысында екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде цифрландыру, экология, жаңартылатын энергетика және «Орта дәліз» перспективалары мәселелері талқыланды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?