Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтөбе облысының Хромтау ауданы маңында жол апаты болып, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Самара – Шымкент тасжолының Хромтау ауданы маңында Lada Largus пен Volvo соқтығысып, салдарынан Lada Largus жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасы жеткенге дейін бақилық болған. Қалған жарақаты бар үш науқас Хромтау ауруханасына жеткізілді.
Олар тексерілгеннен кейін амбулаториялық емделуге жіберілді, екеуі тексеруден бас тартты, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді