10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҰлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов Ақтау қаласында бизнес-қоғамдастықпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
200-ге жуық кәсіпкер қатысқан кездесу барысында жаңа Салық кодексі және оның бизнеске әсері талқыланды.
ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков өз сөзінде Үкімет азық-түлік, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу үшін микро және шағын бизнесті ҚҚС төлеуден толық босату мүмкіндігін қарастырып жатқанын атап өтті.
Кеңес барысында кәсіпкерлер өздерін толғандыратын сұрақтар қойып, салық саясатының әрбір өзгерісі кезінде бизнес өкілдерінің пікірі ескерілуі тиіс екенін қадап айтты. Қорытындылай келе, ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов айтылған барлық ұсыныс-тілектерді қаперге аламыз деп уәде берді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді