Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКелер жылдан бастап салық органдары азаматтардың табысын жанама әдіспен анықтай бастайды. Тиісті қағидалар Қаржы министрлігімен бекітіліп, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа тәсіл азаматтардың кірісі мен шығысын салыстыруға негізделген. Егер адамның шығыстары ресми табысынан асып кетсе, салық органдары оның нақты табысын мүлік, көлік, шоттағы қаражат және басқа да активтер құны арқылы есептей алады.
Бақылау барысында банк шоттарындағы қозғалыс, мүлік пен қызметтерге жұмсалған шығындар, шетелдегі табыс пен мүлік туралы деректер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен шетелдік құрылымдардан алынған ақпарат ескеріледі.
Жанама әдіс жеке тұлғаның декларациядағы табысы тіркелген мүлікке жұмсалған шығыстан аз болған жағдайда немесе есеп жүргізу ережелері бұзылғанда қолданылады. Сонымен қатар, ресми түрде тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар да тексеруге ілігуі мүмкін.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?