28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстанадағы мейрамханалардың бірінде күйеуінің қолынан көз жұмған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов жан түршігерлік оқиғаға қатысты «Ертысбаев Live» youtube-арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайрат Нүкенов Қуандық Бишімбаевтың өмір бойы бас бостандығынан айыру қажет екенін айтты.
Мұндай адам бостандықта жүрмеуі керек. Бірнеше жылдан соң қайта бостандыққа шықса, тағы да ауыр қылмыстар жасауы мүмкін. Мұндай адам қоғам үшін қауіпті, - деді ол.
Оның айтуынша, қарындасын жуындыруға кірген кезде Салтанат Нүкенованың басында бірнеше тесік болған.
Бишімбаевтар отбасының қандай мүмкіндіктері бар екенін жақсы білеміз. Сол үшін суреттер өзімізде де болуы тиіс деп жуындыруға кірген кезде бүкіл денесін суретке түсіріп алдық. Бас аймағында үлкен тесіктер болды. Өз көзіммен көрдім. Денесінің барлық жері көгерген. Егер сот немесе тергеу экспертиза шешімімен келіспесек, онда біз осы фото-видеоларды шығарамыз, - деді Қайрат Нүкенов.
Еске сала кетейік, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. 11 қарашада Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?