19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?54 келі салмақта өнер көрсететін Сәкен Бибосынов Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында непалдық Тапа Чандра Бахадурды айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алған қазақстандық екінші боксшы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Одан бұрын 75 келіде сынға түсетін Сабыржан Аққалықов та финалға өткен еді. Өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоев жарақатына байланысты айқастан бас тартқандықтан, Сабыржан жекпе-жексіз ақтық сынға жолдама алды.
Ал 48 келі салмақтағы ел намысын қорғаған Теміртас Жүсіпов жартылай финалда ресейлік Эдмонд Худоянға жол беріп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Бүгін рингке тағы үш қазақстандық боксшы шығып, финалдық жолдама үшін айқасқа түседі.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары