29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыДубайда (БАӘ) өтіп жатқан 2025 жылғы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) әлем чемпионатында қазақстандық атақты боксшы Сәкен Бибосынов рингке шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін былғары қолғап шебері Ботсвана спортшысы Катлего Кеорапецені айқын басымдықпен жеңді.
Олимпиада жүлдегері, әлем чемпионы Бибосынов бұл салмақтағы басты фавориттердің бірі саналады. Дубайдағы додаға да ол чемпиондық атақ үшін келгені анық. Алғашқы жекпе-жекте Сәкен басталған сәттен-ақ қарқынын үдетіп, айқасты толық бақылауда ұстады және жеңіске жетті.
Бұған дейін Сабыржан Аққалықов алғашқы айқасында басым түскен.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек