10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыRadian Aerospace компаниясы сағатына 29 мың шақырым қашықтықпен ұша алатын ұшақ тәріздес космоплан жасап жатқанын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Radian One деп аталатын аппарат жермаңы орбитасын айналып ұшуға арналған – ол орбитаға бір кезеңнен-ақ шыға алатын және көп рет пайдалануға болатын алғашқы ғарыш аппараты. The Sun мәліметінше, әдеттегі зымырандардан басты айырмашылығы, ол ұшақтарға арналған ұшу-қону жолағынан аттанады және қайта сол жерге қона алады.
Radian One бес адамдық экипажға есептелген, сондықтан Boeing 747-нің орнын баса алмайтыны анық. Дегенмен жылдамдықты талап ететін жағдайларда таптырмас құрал болмақ.
Компания Radian One 2 267 келі болатын жүкті Жердің кез келген нүктесіне бір сағаттан аз уақытта жеткізе алатынын алға тартады. Қайтар жолда жүк салмағын арттыруға да болады.
Radian болашақта бұл космоплан адамдар мен құрылғыларды жеке және мемлекеттік орбиталық станцияларға жеткізеді деп санайды.
Radian One космопланы жүзден астам ұшуды жүзеге асыра алады.
Жолаушылар орбитаға көтеріліп, сонда қала алады. Біз ғаламшарды шамамен 95 минутта айналып өте аламыз, сондықтан қалыпты ұшу Жерді үш рет айналып өтуге тең болады, - деді Radian Aerospace басшысы Ричард Хамфри.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді