Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМобильді аударымдар арқылы садақа мен қайырымдылық шараларына жиналған ақша қалай бақыланады? Бұған Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлының айтуынша, қайырымдылық пен садақаға берілетін ақша кәсіпкерлік мақсатқа жатпайды.
Ел арасында мобильді аударымдар арқылы садақа, қайырымдылық және ем-шараларға қаражат жиналады. Бұл кәсіпкерлік мақсатта жиналып жатқан ақша болмағандықтан, ол салықтандыруға жатпайды. Елге көмек ретінде қаражат жинаған адамға хабарлама жолданса, ол оны құжаттар арқылы растай алуы керек. Дәлелі жеткілікті болса, олардан жеке табыс салығы алынбайды, – деді сарапшы.
Айта кетейік, салық туралы хабарлама салық төлеушінің кабинетіне жіберіледі. Ол жерде түсінік беру деген батырмасы арқылы дәлел болатын құжаттарын жолдайды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?