29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сабыржан 1/8 финалда Жаңа Зеландия боксшысы Тавхириматеа Тохерири-Халлетпен кездесті. Үш раунд бойы толық басымдық танытқан қазақстандық былғары қолғап шебері төрешілердің ортақ шешімімен (5:0) жеңіске жетті.
Осылайша, 2021 жылғы жастар арасында әлем чемпионы атанған Сабыржан Аққалықов ширек финалға жолдама алды. Ал оның қарсыласы турнирді осы кезеңде аяқтады.
Айта кетейік, Аққалықов өзінің алғашқы жекпе-жегінде-ақ жарқырап көзге түсіп, Сейшель аралдарының өкілі Джошуа Аарон Кузенді екінші раундта нокаутқа жіберген болатын.
IBA әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек