20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСолтүстік-Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері жыл бойы Ассамблеясының қызметін әдістемелік қамтамасыз ету бойынша маңызды жұмыстар жүргізуде.
Этносаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланатын отырыстар мен кездесулер, дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізіледі.
Сондай маңызды жиынның бірі өткен патада Достық үйінде өтті, оның барысында 2019 жылдың қорытындылары, 2020 жылға арналған жоспарлар талқыланды.
Өткен жылдың негізгі іс-шараларының бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен жыл сайын жүзеге асырылатын қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған республикалық ғылыми жобалар байқауы болып табылады.
Отырыс барысында аталған байқаудың нәтижелері талқыланып, оған Солтүстік Қазақстан облысынан жеңімпаздары – «№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ директоры Ләззат Жалмұқанова мен «Радзіма» Солтүстік Қазақстан облыстық белорус мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мария Татаренко қатысты. Олар өздерінің республикалық байқауға қатысуы, оны өткізу ерекшеліктеріне кеңінен тоөталды. Солтүстікқазақстандықтардың жобалары құрамында ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бар білікті қазылар алқасы тарапынан ең жоғары бағаға ие болды.
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптау тобының төрайымы Алма Мурзалинова отырысты қорытындылай келе, жас ғалымдар, оқытушылар, қоғам өкілдері кіретін Жастар клубын құру туралы ұсыныс жасады. Оның жұмысы ғылыми-сараптамалық топтың қызметін сан алуан етуге, жаңа және креативті идеяларды енгізуге, сондай-ақ маңызды мақсатты - өз тәжірибесімен жас ұрпақпен бөлісуге мүмкіндік береді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?