Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҰлттық костюм – жәй әдемі бейнелер, көйлектер мен бас киімдер ғана емес. Ұлттық костюм – адам жанының әшекейі. Өйткені костюм мәдениетті, тұрмыс пен өмір салтының ерекшеліктерін, дәстүрлерді ұстануды білдіреді.
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы 2020 жылды «Этно Style» мега-қызық фото-челленджімен ашты.
Қатысушылардың басты міндеті әлеуметтік желілерде екі фотосуреттен тұратын коллажды (коллаждың бір жағында адам күнделікті өмірде киетін киімінде, екінші жағында өз этносының ұлттық киімінде) жариялау болып табылады.
Міндетті түрде @ank_sko белгілеп, #этноstylesko хэштегін қою керек. Бұл челленджде өткізу мерзімі мен шекара жоқ. Оған барлық тілек білдірушілер қатыса алады.
Челленджге Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындары қатысып үлгерген.
Қатысушылардың 50-ден астам жарқын фотосуреттері Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ресми бетінде, әлеуметтік желілерінде орналастырылған.
Олардың ішінде қазақ, орыс, украин, белорус, поляк, неміс, татар және т. б. ұлттық костюмдер ұсынылған.
Қатысушылардың жасы әртүрлі екенің айта кету керек: ең үлкен қатысушы - 62 жаста, ең кіші қатысушы 1 жаста ғана.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді