20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2019 жылдың басында Қазақстан халқы Ассамблеясы жүзеге асыру үшін ауылдарды, шалғай елді мекендерді дамытуға бағытталған «Жаңғырған ауыл» республикалық жобасын ұсынды.
Оған сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі, «Қоғамдық келісім» КММ «Дуслык» татар-башқұрт қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен үш номинация бойынша өткен «Ауыл әкімі болғым келеді!» облыстық байқауын ұйымдастырды:
1 номинация – «Егер мен ауыл әкімі болсам, менің ауылдық округім қандай болар еді?» тақырыбындағы сурет;
2 номинация –«Егер мен ауыл әкімі болсам, ауылымды дамыту үшін не істер едім» тақырыбындағы эссе;
3 номинация – «Ауыл әкімі болғым келеді!» тақырыбындағы жоба.
Барлығы байқауға оқушылар, студенттер, облыс жастары арасынан 70 адам қатысты.
Достық үйінің ғимаратында барлық үш номинацияның қатысушылары бас қосты. Сурет көрмесі ұйымдастырылып, олардың қазіргі заманғы ауыл қалай көрінуі тиіс деген көзқарасы ұсынылды.
Сонымен қатар, «Ауыл әкімі болғым келеді!» жобалары қорғалды. Қатысушылар ауылдық жерлердегі өзекті әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешу мақсатында өз жобаларын ұсынды. Сонымен қатар, қатысушылар бар мәселелерді, сондай-ақ оларды шешу жолдарын көрнекі түрде көрсеткен презентациялық материал дайындады.
Байқау қорытындысы бойынша үш номинация бойынша 9 жеңімпаз анықталды. «Сурет» номинациясы бойынша 1 орынды Ғ. Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим орта мектебінің 1 сынып оқушысы Гүлназ Капенова иеленді.
«Эссе» номинациясы бойынша 1 орынды «Петропавл қаласының мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар-жасөспірімдер орталығы» КММ тәрбиеленушісі Владимир Каримов иеленді.
Үшінші «Ауыл әкімі болғым келеді!» тақырыбындағы жоба номинациясы бойынша 1 орынды Вадим Сәрсембаев жеңіп алды.
Барлық қатысушылар сертификаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен, ал жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?