Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан құрамасының теннисшілері Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Ұлыбритания астанасы Лондонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы ірі турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Спортшылар жұптық сайыста сәтті өнер көрсетуде.
Рыбакина мен Путинцева 1/8 финал кезеңінде испаниялық Кристина Букша мен бразилиялық Беатрис Хаддад Майя жұбын жеңді.
Кездесу 6:3, 5:7, 10:6 есебімен аяқталды.
Жартылай финалға шығу үшін Елена мен Юлия нидерландтық Деми Схюрс пен америкалық Эйжи Мухаммадқа қарсы ойнайды.
Айта кетейік, «Ролан Гаррос» турнирінде Рыбакина ширек финалға шыға алмады. Есесіне Анна Данилина жұптық сында финалға дейін жетті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді