Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстандықтар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева 12 тамызда басталатын Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турниріне қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина доданы екінші айналымнан бастайды.
Қазақстандық теннисші әлемнің 25-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандес немесе рейтингіде 42-орындағы қытайлық Юэ Юанның қай жеңгенімен кездеседі.
Ю.Путинцева алғашқы айналымда іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, Е.Рыбакина денсаулығына, Ю.Путинцева жарақатына байланысты Париждегі Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартқан болатын.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметіне қарағанда, одан бері бірнеше апта өткен. Олар емделіп, қалпына келгеннен кейін жарысқа қосылуға дәрігерлерден оң қорытынды мен рұқсатын алған. Теннисшілердің қаншалықты бабында екендігін алдағы ойындар көрсетеді.
Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер