29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӘйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жекелей сында польшалық теннисші Ига Швентек көш бастаса, Беларусь өкілі Арина Соболенко екінші орында келеді.
Ал Брисбен WTA 500 турнирінде топ жарған қазақстандық Елена Рыбакина үздік үштікті түйіндеді. Жерлесіміз 6 811 ұпаймен америкалық Кори Гауфты (6 660 ұпай) артқа тастады. Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева, керісінше, 63-орыннан 64-ке сырғыды.
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Оклендтегі (Жаңа Зеландия) WTA 250 турнирінде үздік шықаннан кейін 54-тен бірден 44-орынға көтерілді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек