Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде үздік үштікке кіреді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәліметінше, қазір Рыбакина WTA Live тізімінде 4-тен 3-орынға көтеріліп тұр.
Топ-үштікке «Ролан Гаррос» турнирінің қорытындысы бойынша Елена Рыбакинаның алдына әлемнің 7-ракеткасы, тунистік теннисші Онс Жабер кіруі мүмкін еді. Алайда ол ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майяға 6:3, 6:7 (5:7), 1:6 есебімен жеңілді.
Осылайша, Елена Рыбакина Польша өкілі Ига Швентек пен Беларусь өкілі Арина Соболенкодан кейінгі үшінші орынға көтеріледі.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі Рыбакинаның ресми түрде алдағы дүйсенбіде әлемнің үшінші ракеткасы атанатынын растады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді