Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстан президентінің көмекшісі Руслан Желдібай Сарайшыққа барған сапары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жошы ұлысында астана мәртебесін алып, Қазақ хандығының алғашқы хандарының ордасы болған Сарайшыққа арнайы барып, тарихи орында жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстармен таныстым.Биыл Ұлттық құрылтайды ұйымдастыру аясында аймақта ауқымды шаралар атқарылады, - деді Руслан Желдібай.
Ол тарихи жадты жаңғырту бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
Елімізде 2019 жылдан бері тарихи жадымызды жаңғырту бағытында үлкен шаралар жүргізіліп жатқанын білесіздер. Президенттің бастамасымен осыдан үш жыл бұрын Алтын Орданың 750-жылдығы тойланды. Биыл Жошы ұлысының 800-жылдығын атап өтеміз. Мұның бәрі - Ұлық ұлыстың тарихи мұрагері ретінде мемлекеттігіміздің тарихын түгендеп, тұғырын одан әрі бекемдеу үшін аса маңызды жұмыстар, - деді Президент көмекшісі.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары