Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов өзіне қатысты уақытша ұстау изоляторына қамалды деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Жақсылықов бұл ақпаратты жоққа шығарған.
Бос әңгіме. Ең алдымен, ресми ақпарат көздеріне сену керек. Мен қазір демалыстамын. Маған тынығуға мүмкіндік берілді. Үш жарым жылдан бері бір күн де демалған емеспін. Өздеріңіз білесіздер, қызметтің ерекшелігі сондай, – деді ол.
Экс-министрдің айтуынша, ол қазіргі уақытта Астанада – әйелі мен балаларының жанында.
Сонымен қатар Жақсылықов жалған ақпарат таратқандарға қатысты құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдеді.
Мен бұл жалған, ар-намысыма нұқсан келтіретін ақпарат үшін құқық қорғау органдарына шағымдануға мәжбүрмін, – деді ол.
Айта кетейік, 8 маусым күні Руслан Жақсылықов қызметінен босатылды. Ал оның орнына Дәурен Қосанов қорғаныс министрі болып тағайындалды.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды