20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, салтанатты іс-шара барысында Қырғызстанның мемлекеттік хатшысы Сүйінбек Қасмамбетов мәдениет және өнер өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттау ғасырларға ұласқан достықтың, ортақ мәдениеттің, дамып келе жатқан ынтымақтастықтың белгісі екенін атап өтті. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамуына бағытталған қадам ретінде қарастырылуы керек екенін сөз етті.
Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қырғызстан президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, көрнекті ақын, дипломат, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы бұрынғы елшісі Мұхтар Шаханов «Данакер» орденімен марапатталды. Ал «Достук» ордені публицист, әдебиеттанушы, журналист, киносыншы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Сауытбек Әбдірахмановқа, Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, түркітанушы ғалым Мырзатай Жолдасбековке және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы, ректор Жансейт Түймебаевқа табысталды, - делінген мәліметте.
Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігі
«Даңк» орденін Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова иеленді.
Сондай-ақ «Қырғыз Республикасының Халық әртісі» құрметті атағы қазақстандық белгілі композитор Алтынбек Қоразбаевқа, танымал эстрада әншісі, киноактриса Роза Рымбаеваға берілді.
Әнші Роза Рымбаева мәдениеттің шекарасы жоқ екенін атап өтті.
1996 жылы маған Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағы берілді. 28 жылдан кейін «Қырғыз Республикасының Халық әртісі» құрметті атағын алып отырмын. Бұл мен үшін үлкен жетістік, - деді ол.
«Таң-Шолпан» көркем-әдеби журналының редакторлар кеңесінің төрағасы, бас директоры Дидар Құлкенов «Даңк» медалімен марапатталды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?