Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандық танымал әнші Роза Әлқожа немересін кіші қырқынан шығару рәсімі қалай өткенін көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі немересінің шашын Төлеген Айбергеновтің қызы, педагог Салтанат Айбергеноваға алғызған. Әлқожаның сөзінше, салтанатты іс-шараны өткіземін деп өзі де сыйлықтың астында қалған.
Өмір осынысымен қызық шығар?! Салтанат Айбергенова апам құттықтап шығам деген соң Әселді әңгімелесіп отырайық деп шақырып, екі адамға лайықтап ет салып отырғанбыз. Сөйтсек, ар жағында Малика деген жеңешемнің тосын сыйы бар екен. Аяқ астынан кіріп келіп, қойын, майын, көйлек-шапанын көтеріп келетін бұл біздің елдің дархандығы болар?!
Мақтау бір жаратқанға ғана жарасса, көңіл жарастығының көрінісін жасыру мүмкін емес, сірә?!
Ұдайы қуантқысы келіп, құрметтеп жүрген жандарға бір Алла разы болсын! Бұл да бір Жаппар иемнің жарлығы, жарылқауы! Әйтпесе осы елде кім ән салмай жатыр, кім сыйласпай жатыр?!
Қызығына барғаныңды мерей көріп, мәртебеңді көтеріп жүретін осындай жомарт қолды жандар ғой! – деп алғысын айтты әнші.
Роза Әлқожа өзіне әже болған ұнайтынын да айтты.
Бөпемізді кіші қырқынан шығарып, Салтанат апасындай ғалым болсын деп ырымдап шашын алғыздық. Әбдірахманның әжесінің бұл күндегі әуресі өзіне ұнап жүр. Бесігіміз тербетіле берсін! Келеріміз де, барарымыз да көп болсын! – деп қосты ол.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді