19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қырғызстанға тамыз айының соңында «Барселона» футбол клубының аңыздары келеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Олар 30 тамызда Бішкек қаласындағы Д.Өмірзақов атындағы стадионда Орталық Азия футболының аңыздарына қарсы ойын өткізеді.
Қырғызстанға келетін атақты футболшылардың қатарында Роналдиньо, Карлес Пуйол, Хавьер Педро Савиола бар.
Одан бөлек, аңыздар Бішкек және Жалалабат қалаларындағы «Барселона» футбол клубының академиясының ашылуына қатысады. Айта кетсек, бұл каталондық клубтың ТМД елдерінің арасындағы алғашқы академиясы.
Академияның арқасында жас әрі талантты ойыншылар әлемнің ең жақсы бапкерлерінен тәлім алатын болады. Кіштайынан «Барселонаның» ойын стильін бойларына сіңіріп өседі, — делінген хабарламада.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары