30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМәжіліс кулуарында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утилалымды алып тастауға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мен бұл туралы бірнеше рет айттым. Қайта өңдеуге салынатын салық – бұл жанама салық. Қаржы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бақылауындағы “Жасыл даму” акционерлік қоғамы арқылы жұмсалады. Экономикалық қажеттіліктерге жұмсап жатқан бұл кірістерден айырылсақ, онда оны бюджеттен өтеуге тура келеді. Бұл - салық. Ешкім салық төлеуді ұнатпайды. Бірақ бұл қажет, - дейді Скляр.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары бұл ақшаны қайта өңдеу ақысы және оны ұрлауға болмайды деп есептейді. Ол бұдан кейбiр олигархиялық топтар пайда тауып жатыр деген пікір дұрыс емес екенін айтты.
Скляр 5 млн азаматтың пікірі 20 миллион қазақстандықтың пікірін білдірмейтінін атап өтті.
Қазақстанда автокөлік пайдаланбайтын 15 миллион адам бар. 5 млн автомобиль тіркелген. 15 млн адамнан қалай ма, қаламай ма – пікірін сұрап ешкім жоқ. Әңгіме басқада – бізде қалыпты экология бола ма, жоқ па?! Біздің өнеркәсібіміз дами ма?! Біздің құрастыру зауыттарымызды арзандатуға болмайды. Олар дамып келеді. Онда адамдар жұмыс істеп, жалақы алып, салық төлейді. Мұны ескеру керек, - деп айтты Роман Скляр Мәжіліс кулуарында.
Оның сөзінше, петиция қарауға келіп түсті және ол жан-жақты қаралады. Бірақ Роман Скляр кәдеге жарату алымын жою жөніндегі комиссияның мүшесі емес.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды