23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімі Ермек Көшербаевпен бірге Өскемен және Риддер ЖЭО-ларында болып, жаңа жылыту маусымына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңірдегі жылу нысандарында жөндеу жұмыстары аяқталып, ЖЭО іске қосу-баптау кезеңіне дайындалып жатыр. Қазір Риддер ЖЭО-ны күрделі жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына Риддер ЖЭО-да іске қосу-реттеу жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатқаны туралы айтылды. № 1, 2, 3 қазандық агрегаттарын жөндеу аяқталуға жақын, экрандардың беттері жиналып, орнатылды, бір күн бұрын қазандықтар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін сумен толтырылды.
Сонымен қатар делегация жұмыс сапары барысында Өскемен ЖЭО-ға да барып қайтты. Мұнда жөндеу жұмыстары алдыңғы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден басталған еді. Бүгінгі таңда стансаның дайындығы 80%-дан асады, 5 қазандық агрегаты мен 8 турбоагрегат жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарының бағдарламасы қазан айына дейін аяқталады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады