Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПремьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр келесі жылыту маусымында Екібастұз қаласында ешқандай мәселе болмайтыны туралы БАҚ берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оның сөзіншe, Eкібacтұз ЖЭO-нa бөлінгeн қаражат ЖЭО-ның өзіне де, жылу желілеріне де бөлінеді. Жөндеу жұмыстары толық көлемде жүргізіледі және облыс әкімі де бұған сендіріп отыр. Оны қолдаймын. Екібастұзда келесі жылыту маусымында олқылықтар болмайды, – деп сендірді Роман Скляр.
Журналистер жеке кәсіпорынды жөндеуге бюджет қаражаты неге бөлінетінін сұрады.
Мемлекет жеке нысандарды жөндеуге қаражат бөле алмайды. Сол себепті, үкімет бұл ретте ЖЭО объектілері мен инфрақұрылымы мeн жылу желілеpін кoммунaлдық мeншіккe aлып, oны жөндейді. Ал жылу желілеріне келетін болсақ, 5,3 километр бұл қаланы жылумен қамтамасыз eтуді жақсарту үшін жаңа құрылыс. Бастапқыда теңгерімсіз болған жылумен жабдықтау жүйесін жақсартатын мүлдем жаңа жылу желілері болады, - дейді вице-премьер.
Яғни, мемлекет ЖЭО мен жылу желілерінің 50 пайызын коммуналдық меншікке, ал қалған 50 пайызы жеке меншіктердің қолында қалады.
Біз коммуналдық меншікке алатын жабдықты, ЖЭО деңгейіндегі жылу желілерін өз есебінен қаржыландырамыз. Жeке меншік иесіне тиесілі жабдықтаp oны қapжыландырады, осылайша біз бірлескен күш-жігермен қаржыландыруды ұлғайтамыз және жылумен жабдықтау мәселесін шешеміз, - деді Роман Скляр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?