Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМәжіліс депутаттары астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері туралы заң жобасын талқылап жатыр. Депутат Ринат Зайытов мекемелердің маңдайшаларына қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті, Серік Мақашұлы. Республикалық маңызды қалалар көптеген шетелдіктерді тартатын қалалар. Бірақ бір нюанс бар. Кез келген жерде маңдайшада біз үш түрлі жазамыз. Кирилицамен орысша, кирилицамен қазақша, сосын латынша жазып қоямыз. Қазір минимализм заманы. Кирилицаны екінің бәрі түсініп жатқан жоқ, ең болмаса мемлекеттік органдардағы маңдайшадағы жазуларды тек латын әліпбиінде жазамыз деген ұсыныс берілсе, Үкіметтің көзқарасы қандай?, - деді Ринат Зайытов.
Премьер-министр орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин латын әліпбиінің толықтай қалыптаспағанын айтады.
Жалпы ұсыныстарыңызды қарастыруға болады. Бірақ қазақ тілінің латын әліпбиінде жазатын алфавиті қалыптаспаған. Сол себепті қазақтың сөздерін латынша жазса, әрине, адам түсінеді. Ал ағылшын тіліндегі сөздерді аудару керек болады. Мұны алдағы уақытта талқылауға дайынбыз, - деді Серік Жұманғарин.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер