30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыРиддер қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала тұрғындары Журавлиха өзенінің жағалауын тазалауға шықты. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысып, үш арнайы техника жұмылдырылды.
Сенбілік барысында аумақтан төрт тоннадан астам қоқыс шығарылып, тазартылды.
Риддер қаласы әкімінің орынбасары Қанат Оралбек мұндай іс-шаралар қаланың тазалығын сақтауға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында қала аумағын тазарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Тұрғындардың осындай іс-шараларға белсенді қатысып жатқаны қуантады. Әр адамның қаламыздың тазалығы өзімізге байланысты екенін түсінуі маңызды, – деді ол.
Акцияға қатысушылар тұрғындарды табиғатқа ұқыпты қарауға және демалыс орындарында қоқыс қалдырмауға шақырды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды