29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Әуе рейстерінің кешіктірілуіне қатысты халықтың шағымынан кейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті тергеу жүргізетін болады, –деп хабарлайды El.kz.
– Әлеуметтік желілердегі Air Astana және FlyArystan авиакомпанияларының Алматы – Мале, Нұр-Сұлтан – Ташкент және Алматы – Қостанай рейстері, сондай-ақ басқа да бағыттардың кешігу фактілеріне қатысты жолаушылардың көптеген шағым-өтініштеріне байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тиісті тергеу жүргізетін болады.Рейстер кешіктірілген немесе орындалмаған кезде жолаушылардың құқықтарын бұзу фактілері болғаны анықталған жағдайда авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, –- делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.
Аталған рейстердің жолаушылары өз шағым-өтінішін cc@сaakz.kz электрондық мекенжайна жолдай алады.
– Сонымен қатар тасымалдаушының кінәсінен рейс кідірген немесе орындалмаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жолаушыларға тегін негізде ана мен бала бөлмесі, рейсті 2 сағат күткен кезде салқын сусындар, 4 сағат күткен кезде ыстық тамақ (бұдан әрі күндізгі уақытта әрбір 6 сағат және түнгі уақытта 8 сағат), сондай-ақ рейсті кері қайтарған кезде ыстық тамақ беріледі. Сондай-ақ күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнгі уақытта 6 сағаттан артық рейсті күткен кезде қонақ үйде тұру, тұратын жеріне дейін және әуежайға апаратын көлік беріледі, – деп нақтылады Азаматтық авиация комитетінен.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек