7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Ревматологиялық қызметті жетілдіру және өңірлерге ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс ревматологы Ғалымжан Тоғызбаев Ақтөбе өңіріне барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар барысында жергілікті ревматологиялық қызметтің жұмысына талдау жасалды, сондай-ақ Ақтөбе медициналық орталығының базасында өңірлік ревматологиялық орталықты ашу, гендік-инженерлік биологиялық терапияны жүргізу үшін ревмобейінді пациенттерді іріктеу мониторингі мәселелері және қызметтің басқа да өзекті мәселелері қаралды.
2023 жылдың басынан бастап Ақтөбе облысы бойынша тірек-қимыл жүйесі және дәнекер тінінің жүйелік аурулары бар 3538 пациент Д есепте тұр. Ревматологиялық аурулары бар пациенттер стационарлық көмекті АМО терапия бөлімшесінде алады, онда 26 төсек, оның ішінде 6 ревматологиялық төсек орналастырылған. Практикалық көмек көрсету шеңберінде пациенттерге консультация беру, "Ревматолог мектебі" және дөңгелек үстел өткізілді, штаттан тыс маман М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде болды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?