Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікРеспубликалық жедел-құтқару жасағының базасына Қытай Халық Республикасы ТЖМ делегациясы келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 сәуірде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қытайдан келген әріптестерін қабылдады. Кездесу және танысу кезінде РЖҚЖ басшысы Владимир Цой жасақтың техникалық жабдықталуы туралы айтты. Құтқарушылар сүңгуір жабдықтарын, радиациялық және химиялық-биологиялық қорғаудың техникалық құралдарын, авариялық-құтқару техникасын көрсетті. Әр түрлі төтенше жағдайлардағы жасақ жұмысының ерекшеліктері туралы айтып берді.
Делегация құтқарушылардың төтенше жағдайларға ден қою мүмкіндіктері мен дайындығын жоғары бағалады.
ҚХР ТЖМ министрінiң орынбасары Сюй Цзяай жасақ басшысына естелік сыйлық табыс етіп, құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер