Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚостанай футбол мектебінің түлегі Александр Зуев Қазақстан азаматтығын алып, Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол ұлттық құраманың алдағы оқу-жаттығу жиынына жарақатына байланысты қатыспайтын Аслан Дарабаевтың орнын басады.
Александр Зуев 1996 жылы 26 маусымда Қостанайда дүниеге келген, «Тобыл» футбол мектебінің түлегі. Ол өз мансабында Мәскеудің «Спартак», «Ростов», «Рубин», «Химки» сынды клубтарда ойнаған. Жартылай қорғаушы Ресей чемпионатының аяқталған маусымын «Крылья Советов» сапында өткізді.
Футболшы Ресейдің жастар және жасөспірімдер құрамаларына тұрақты түрде шақырылды. 2017 жылы Мәскеу «Спартак» құрамында Ресей чемпионы атанды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді