Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан азаматы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратура мәліметінше, күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшерде арнайы техниканы, сондай-ақ алаяққа тиесілі емес көлікті 35 миллион теңгеге сатып, ірі көлеміндегі қаражатты жымқырған.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған.
Осы жылдың шілде айында ол Санкт-Петербург қаласында ұсталды. Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді