Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы19 ақпан күні кешке Ф.Э.Дзержинский атындағы Ұлттық ұлан әскерлерінің Саратов Әскери Қызыл Ту институтында Қазақстаннан барған 19 жастағы курсанттың денесі табылды. Бұл туралы Саратовтың бұқаралық ақпарат құралдары мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы жағдай сағат 19:00-де болған. Жігіттің денесі оқ жарақатымен табылған. Оған дейін, сағат 18:00 шамасында, жас жігіт Калашников автоматымен кезекшілікке келген. Біраз уақыттан кейін солдаттар қару-жарақты сақтау бөлмесінің алдында тараған, содан кейін курсанттар мылтықтарды тапсырулары керек болған.
Алайда курсанттардың бірі кептіру бөлмесіне кіріп, сол жерде қарудан атылған оқтың дауысы шыққан. Қайғылы жағдай абайсызда болған болуы мүмкін.
«Бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, болған оқиғаның барлық мән-жайлары нақтыланып жатыр»,-деп түсіндірді «Саратов 24» телеарнасының тілшісіне Росгвардия өңірлік басқармасының баспасөз қызметі.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді