Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЕуразиядағы ең биік саналатын Ключевская жанартауы атқылай бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігіне Жанартаулардың атқылауын бақылайтын камчаткалық топтың (KVERT) жетекшісі, Ресей ғылым академиясы Қиыр Шығыс бөлімінің Вулканология және сейсмология институтының ғылыми қызметкері Ольга Гирина хабарлаған.
Жанартаудың жай ғана жарқырауы емес, стромболиялық типтегі ең жоғары жарылғыш атқылау тіркелді. Әзірге мұндай атқылау халық үшін де, авиация үшінде ешқандай қауіп келтірмейді, - деді Ольга Гирина.
Ключевская - континенттегі ең белсенді жанартау, оның биіктігі - 4750 м. Жанартаудың соңғы рет атқылауы 2020 жылдың қазан айында болды. Ең жақын елді мекен - Усть-Камчатский ауданы, Ключи ауылы - жанартау баурайында, кратерден 30 км қашықтықта орналасқан.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер