13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз«Союз МС-26» ғарыш кемесінің капсуласы Қазақстанға сәтті қонды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
20 сәуір күні Қазақстанның Жезқазған маңында Ресей ғарышкерлері Алексей Овчинин мен Иван Вагнер және NASA астронавты Дональд Петтит мінген «Союз МС-26» пилотталған кемесінің қайту капсуласы сәтті қонды. Бұл туралы Роскосмос мәлім етті.
Капсула Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) 20 сәуірге қараған түні, Астана уақытымен сағат 00:57-де ажырап, 03:27-де тежеу маневрі орындалды. Орбитадан шығу мен тежеу сәтінен кейін аппарат Жер атмосферасының тығыз қабатына еніп, парашютпен қонуға дайындалды.
Ғарыш кемесі Қазақстан даласына сәтті қонып, іздеу-құтқару тобының мамандары дер кезінде жетіп, ғарышкерлер мен астронавтты сыртқа шығарды.
Айта кетейік, Қазақстан Халықаралық ғарыш станциясынан оралған экипаждар үшін дәстүрлі түрде қону алаңы ретінде пайдаланылады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды