22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыДохада дзюдодан өткен әлем чемпионатынан кейін арада бір ай өткенде әлемнің бейтарап құрамасы сапында күрескен ресейлік Инал Тасоевқа алтын медаль берілетін болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Инал Тасоев Катарда өткен әлем біріншілігінде +100 келіде күресіп, финалға шыққан болатын. Алайда ол француз балуаны Тедди Ринерді әдіс бойынша лақтырғанымен төрешілер оған тиісті ұпайды бермеген. Нәтижесінде жеңіс франция дзюдошысына беріліп, ол әлемнің 12 дүркін чемпионы атанған еді.
Кейін екі спортшы арасындағы белдесу нәтижесіне жанкүйерлер наразылығы байқалған соң халықаралық дзюдо қауымдастығы (IJF) кездесуді қайта қарап, шешімді өзгертті. Ұзақ уақыт жүргізілген сараптаманың нәтижесінде ресейлік спортшыға әлем чемпионатының алтыны берілетін болды. Алайда ол Тедди Ринермен бірге Дохада өткен дүниежүзілік біріншіліктің жеңімпазы болып саналмақ.
Дзюдо тарихында ерекше орын алатын Тедди Ринер Олимпиада Ойындарының екі дүркін чемпионы (2012, 2016), екі мәрте қола жүлдегері (2008, 2020), командалық сын бойынша Токио Олимпиада чемпионы (2020), әлемнің 12 дүркін және Еуропаның бірнеше мәрте жеңімпазы. Ол ұзақ уақыт бойы жеңілмеген спортшы ретінде рекорд орнатқан.
Тедди 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының ширек финалында өзбекстандық Абдолла Тангреевке есе жіберсе, 2010 жылы әлем чемпионатының финалында абсолюттік салмақ дәрежесінде жапон спортшысынан ұтылып қалды. Сонымен қатар, 2020 жылы Парижде өткен Гранд Слэм турнирінің іріктеу кезеңіненде жапон балуанына жол берсе, Токио Олимпиадасында тағы бір ресейлік балуан Темірлан Башаевтан ширек финалдың қосымша уақытында жеңілген.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев