29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары30 тамыз кешінде Қарағандыдағы Тәуелсіздік алаңы бұрын-соңды болмаған халықты жинады. Мұндай ауқымды концертті қала әлі көрмеген еді. Шахтер күніне орай Қарағанды ғана емес, бүкіл ел үшін айтулы оқиғаға айналған үлкен музыкалық шоу өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сахнада қазіргі заманның ең танымал әртістер мен шетелдік жұлдыздар өнер көрсетті. Олардың әндері мыңдаған дауысты, эмоция мен жүректерді біріктірді.
Концертке келген қонақтардың саны рекордтық көрсеткішке жетті. Алдын ала есеп бойынша 120 мыңнан астам адам жиналды. Бұл Қарағанды ғана емес, бүкіл Қазақстандағы бұқаралық шаралар тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
Құйқалы өңір жер астындағы мол қазынасымен де танымал. Көмір өнеркәсібі бүгінде облыс экономикасының 2,8%-ын, ал жалпы өндіріс көлемінің 6,4%-ын құрайды. Өңіріміздегі 10 шахтадан соңғы 7 айда 21,6 млн тонна көмір өндірілген, оның 4,5 млн тоннасы Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Өзбекстан сынды алыс-жақын шет елдерге экспортталады. Жалпы, көмір өндіруде облыста тұрақты оң динамика байқалады. Былтыр 20,4 млн тонна өндірілсе, биыл ол көрсеткіш 5,8%-ға артты. Бұл қайласы қайыспас қара нарларымыздың жемісі! - деп атап өтті Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек