Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПрезидент жанындағы ұлттық құрылтай және Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, академик Кәрімбек Құрманәлиев Астана қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы №70 мектепте орналасқан №55 дауыс беру учаскесіне таңертең ерте барып, өзінің конституциялық құқығын пайдаланып дауыс бергенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы жұртшылық 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС бойынша референдум күнін 2024 жылғы 6 қазанға белгілегенін жақсы біледі. Референдумның еліміздің болашағын айқындауда мемлекеттік маңызы зор мәселе екенін ескерген дауыс берушілердің белсенділігін байқадық. Жас отбасы мүшелерінің де, аға буын өкілдерінен қалыспай, сайлау учаскесіне таңертеңнен ерте келгенін көріп қуандық, – дейді академик.
Ұлттық құрылтай мүшесі тұрғындар өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, референдумға белсенді қатысып, өз дауыстарын беру маңызды екенін айтты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді