Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы6 қазанда өткен республикалық референдумдағы дауыс берудің алдын ала нәтижелері туралы Орталық референдум комиссиясының брифингінде айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ОРК төрағасы Нұрлан Әбдіров:
7 қазан таңғы сағат 8:00-дегі жағдай бойынша еліміздің барлық өңіріндегі және шетелдегі 10323 референдум учаскесінде дауыстарды санау аяқталды. Бүгін таңертең аумақтық референдум комиссиялары дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалардың электрондық көшірмелерін ұсынды. ОРК республикалық референдумның алдын ала нәтижелерін шығарды. Референдумға қатысу құқығы бар ҚР азаматтарының жалпы саны 12 млн 284487, - деді.
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санынан 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе 63,66% құрады.
Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді