30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты26 қазан кешінде әлемдегі ең атақты клуб – мадридтік «Реал» Испания чемпионатының 10-турында каталониялық «Барселонаны» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Футбол жанкүйерлері жыл сайын асыға күтетін бұл Эль-Классико биыл «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтті.
Ойынның 12-минутында «корольдік» клубтың жұлдызы Килиан Мбаппе есеп ашқан, алайда VAR жүйесі офсайд тіркеп, голды есептемей қойды. Араға он минут салып француз шабуылшысы бәрібір қарсылас қақпасын дәл көздеп, командасын алға шығарды.
Біраз уақыттан кейін Фермин Лопес есепті теңестіргенімен, үзіліске дейін Джуд Беллингем «Реалды» қайтадан алға шығарды.
Екінші таймда Мбаппе пенальти орындау мүмкіндігін жіберіп алды.
Нәтижесінде «Реал» турнир кестесінде басты бәсекелесі «Барселонадан» ұзап кетті. Хаби Алонсоның шәкірттері 27 ұпаймен көш басында болса, Ханси Флик жаттықтыратын каталондықтар 22 ұпаймен екінші орында қалды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды