29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМадридтің «Реал» клубы қақпашы Кепа Аррисабалаганың сапқа қосылғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Корольдік» клуб қақпашыны «Челсиден» бір маусымға жалға алды. Жалға алу келісімі 2024 жылғы маусымға дейін есептелген.
Ертең, 15 тамызда, Аррисабала жанкүйерлер мен БАҚ өкілдеріне «Реалдың» жаңа ойыншысы ретінде таныстырылады. Ол 46-нөмірді алды.
Бұған дейін мадридтік клубтың негізгі қақпашысы Тибо Куртуа ауыр жарақат алып, маусымның басым бөлігін емделумен өткізетіні айтылған. Аррисабалага енді бельгиялық қақпашының орнын баса тұрады.
28 жастағы Аррисабалага «Челси» сапында 39 матч өткізіп, 45 гол жіберсе, 12 рет қақпасын құрғақ сақтаған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек